2010-2013жж. - АҚ «Астана медицина университеті», ішкі аурулар кафедрасында ассистент, Нұр-Сұлтан қ.
2013ж. - осы уақытқа дейән «А.Н. Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургиялық орталықтың», рентгенохирургия, интервенциялық кардиология және аритмология бөлімінің меңгерушісі, Алматы қ.
2014ж.- осы уақытқа дейін РҚБ «Қазақ аритмологтар қоғамының» вице-президенті және Еуропалық жүрек ырғағы қауымдастығының мүшесі (https://www.escardio.org/Congresses-&-Events/EHRA-Congress), Бүкілресейлік клиникалық электрофизиология, аритмология және кардиостимуляция мамандарының ғылыми қоғамының мүшесі, (https://vnoa.ru/).
Білімі:
2002ж.- Х.А. Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін (http://ayu.edu.kz/ru/)
2006-2010жж. А.Н. Бакулев атындағы ҒОЖҚХ аспирантураны өтті (https://bakulev.ru/), Мәскеу, Ресей.
Кардиология, аритмология (клиникалық электрофизиология, электрокардиостимуляция), эхокардиография, ЭКГ және АД-ны зерттеу, жедел терапия, анестезиология және реаниматология бойынша арнайы білімі бар.
Ғылыми жүмыстары:
100-ден астам ғылыми публикациялары бар, 2 методикалық ұсыныстар, 4 ҚР ішкі инновациялық технология авторы.
Практика, біліктілікті арттыру:
Әділ Құдайбергенұлы жыл сайын ғылыми конференцияларда өз біліктілігін арттырады.
Марапаттар, алғыс және құрмет:
1) ҚР медициналық ЖОО-ң үздік түлегі (2003 ж.);
2) «Болашақ» халықаралық стипендиясының йесі (2005 ж.);
3) Философия ғылымдарының докторы (PhD) ғылыми деңгей (2012);
4) ҚР ДСМ денсаулық сақтау ісініне үлес қосқаны үшін алғыс хат (2013 ж.);
Қызмет бағыты:
1) Carto3 / Ensite Precision навигациялық жүйелерін қолданып немесе қолданбай аритмияны анықтау үшін жүрек электрофизиологиялық зерттеуін (ЭФЗ) жүргізу;
2) Дәл диагноз қою, тексерудің объективті әдістерін қолдану, аурулардың жалпы және ерекше белгілерін анықтау, кардиохирургиялық аурулардың клиникалық диагностикасы мен дифференциалды диагнозын белгілеу, жоғары білікті көмек және емдеу;
3) Сол жақ жүрекше құлақшасын транскатетерлі окклюдермен бітеу;
4) Дәстүрлі кардиостимуляторларды, электродсыз ЭКС-ы, дефибрилляция функциясы (СRTD) бар жүрек реинхронизациясы құрылғыларын және дефибрилляция функциясынсыз (СRTP), кардиодифибрилляторды (ICD), кардиомониторларды имплантациялау;
5) Супервентрикулярлық аритмияға, сонымен қатар жүрекше фибрилляциясына, Carto3 / Ensite Precision навигациялық жүйелерін қолданып немесе қолданбай ЭФЗ және радиожиілікті абляция (РЖА) жасау;
6) Қарынша аритмиясына Carto3 / Ensite Precision навигациялық жүйелерін қолданып немесе қолданбай ЭФЗ және РЖА жасау;
7) Парагисиальды аритмияларына Carto3 / Ensite Precision навигациялық жүйелерін қолданып немесе қолданбай ЭФЗ және РЖА жасау;
8) Арнайы криоконсолды қолданып аритмияның парагисиальдык көздеріне ЭФЗ және фокалды криоабиляциясын жасау;
9) Өкпе веналарының аузын жүрекше фибрилляциясы кезінде криобаллон аблациямен оқшаулау;
10) Тиісті көрсеткіштердің мониторингі, стандарттар мен саясаттың сақталуы, клиникалық хаттамалар мен ережелердің рәсімдері, пациенттер мен олардың отбасы мүшелерінің шағымдары мен ұсыныстарын қарау, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту жөніндегі жобаларды қоса алғанда, сапаны жақсарту жоспарын іске асыру.