2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін РҚБ «Қазақ аритмологтар қоғамының» Басқарма мүшесі.
Ғылыми жұмыстары:
Ғылыми бағытта 100-ден астам ғылыми баяндамалып бар, соның ішінде шетелдік журналдарда.
Практика, біліктілікті арттыру:
Бекжан Арменұлы жыл сайын өзінің біліктілігін арттырады, халықаралық конференцияларда ауызша баяндамалар жасайды.
Қызмет бағыты:
1) Carto3 / Ensite Precision навигациялық жүйелерін қолданып немесе қолданбай аритмияны анықтау үшін жүрек электрофизиологиялық зерттеуін (ЭФЗ) жүргізу;
2) Дәл диагноз қою, тексерудің объективті әдістерін қолдану, аурулардың жалпы және ерекше белгілерін анықтау, кардиохирургиялық аурулардың клиникалық диагностикасы мен дифференциалды диагнозын белгілеу, жоғары білікті көмек және емдеу;
3) Дәстүрлі кардиостимуляторларды, электродсыз ЭКС-ы, дефибрилляция функциясы (СRTD) бар жүрек реинхронизациясы құрылғыларын және дефибрилляция функциясынсыз (СRTP), кардиодифибрилляторды (ICD), кардиомониторларды имплантациялау;
4) Супервентрикулярлық аритмияға, сонымен қатар жүрекше фибрилляциясына, Carto3 / Ensite Precision навигациялық жүйелерін қолданып немесе қолданбай ЭФЗ және радиожиілікті абляция (РЖА) жасау;
5) Қарынша аритмиясына Carto3 / Ensite Precision навигациялық жүйелерін қолданып немесе қолданбай ЭФЗ және РЖА жасау;
6) Өкпе веналарының аузын жүрекше фибрилляциясы кезінде криобаллон аблациямен оқшаулау;
7) Тиісті көрсеткіштердің мониторингі, стандарттар мен саясаттың сақталуы, клиникалық хаттамалар мен ережелердің рәсімдері, пациенттер мен олардың отбасы мүшелерінің шағымдары мен ұсыныстарын қарау, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту жөніндегі жобаларды қоса алғанда, сапаны жақсарту жоспарын іске асыру.